Байден Қазақстан тумасын ресми түрде жоғары лауазымға ұсынды
Жарияланған күні:
АҚШ президенті Джо Байден ақша айналымын бақылау басқармасы басшысы қызметіне Сәуле Омарованы тағайындау туралы ұсынысты ресми түрде Сенат конгресінің қарауына енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сенатқа жіберілген кандидатура: Сәуле Омарова ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы қызметіне бес жылдық мерзімге ұсынылады, орынбасары - Джозеф Оттинг", - делінген Ақ үйдің ресми сайтындағы құжатта.
Жақын арада сенаттың салалық комитеті Сәуле Омарованың кандидатурасын қарау туралы тыңдау өткізетінін хабарлайды. Одан кейін конгресмендер дауыс береді. Ал комитеттің ұсынысы енгізілгеннен кейін сенатта соңғы дауыс беру өтеді.
Сәуле Омарованың кандидатурасы мақұлданса, АҚШ-тағы ақша айналымын бақылау басқармасына (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) алғаш рет әйел жетекшілік етеді. Осы құрылым 1863 жылы құрылған болатын.
Сәуле Омарованың өмірбаяны
Орал қаласының тумасы Сәуле Омарова Корнель университетінде жұмыс істейді. Банк құқығы бойынша профессор дәрежесі бар. Мәскеу мемлекеттік университетінде (1989), Висконсин университінде (1999) және Солүстік-Батыс университінде (2001) оқыған. Заң ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілін біледі.
Джордж Буш кезінде қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шықты.
Профессор Сәуле Омарова криптовалютаның қарсыласы болып саналады. Ол өзінің ғылыми жұмысында криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін жан-жақты көрсеткен.
Айта кетері, биыл тамыз айының басында АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Сәуле Омарованың кандидатурасы ұсынылғаны туралы ақпарат таратқан. Оған дейін осы қызметке үміткер екі адам болды. Алайда Демократиялық партияның ішінде өзара тартыс басталды. Ақ үй екі кандидатурадан да бас тартып, профессор Сәуле Омарованы қарастыруға кірісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940372-baiden-qazaqstan-tumasyn-resmi-turde-zogary-lauazymga-usyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.