Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Аштық жариялаған Саакашвилидің денсаулығы нашарлап барады

Опубликовано:

Михаил Саакашвили
Михаил Саакашвили. Фото: tvnoviny.sk

Саясаткердің дәрігері Николоз Кипшидзе Михаил Саакашвилидің жағдайы нашарлай бастағанын, жүрек соғысы жиілегенін айтты деп хабарлайды ТАСС.

"Бүгін біз сынамалардың нәтижелерін алдық және консилиуммен бірге барлық жағдайды қарастырдық. Бір апта бұрын өткен кеңеспен салыстырғанда нәтижелер нашарлады. Экс-президент жүрек соғысының тез соғуына шағымданады, халі бұрынғыдан әлсіздеу және т.с.с. Жағдай кез келген уақытта күрт нашарлап кетуі мүмкін. Жағдай тұрақсыз болғандықтан, нақты ештеңе айта алмаймын", – деді Кипшидзе сәрсенбі күні журналистерге.

Экс-президент жұма күні кезекті рет дәрігердің тексеруінен өтеді.

"Денсаулығын жиі бақылап отыру үшін келесі консилиумды жұма күні өткізуді ұйғардық. Біз қиын кезеңге аяқ басудамыз, өйткені бұрынғы президент өз салмағының 10 пайызын жоғалтты, бұл өте қауіпті", – деп қосты Кипшидзе.

Еске сала кетейік, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 1 қазанда ел аумағында ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940472-baq-astyq-zariyalagan-saakasvilidin-densaulygy-nasarlap-barady/

pixel