Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады

Жарияланған күні:

Министр
Фото: primeminister.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында Республикалық бюджет бойынша 40 млрд теңге игерілмей қалғанын жеткізді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Министрдің сөзінше, мемлекеттік бюджет шығыстары 98, пайызға, республикалық бюджет шығыстары – 99,6 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98 пайызға атқарылған.

Республикалық бюджет бойынша шығыстар 12 трлн теңгені құрағаны белгілі болды.

"Мұнда 50 млрд теңге жұмсалмады, оның ішінде 10 млрд теңге үнемделген және 40 млрд теңге игерілмей қалған", - деді Жамаубаев.

Ол игерілмеудің анағұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау, ішкі істер және қаржы министрліктерінде байқалғанын сөз етті.

Игерілмеудің негізгі себептері:

  • төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген,
  • шот-фактуралар,
  • орындалған жұмыс актілері уақытылы ұсынылмаған,
  • қазынашылық органдарына төлем шоттары кеш ұсынылған және конкурстық рәсімдер ұзақ өткізілген.

"Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,7 трлн теңгені құрады, онда 134 млрд теңгеге атқарылмаған. Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қарашаға оларға 1 трлн 813 млрд теңге бөлінген. Оның 96,6 пайызы игерілді. 62 млрд теңге атқарылмады, оның ішінде 6 млрд теңге үнемделіп, 56 млрд теңгесі игерілмей қалған. Ең көп игерілмеу Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында тіркелген", - деді қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941503-zamaubaev-byudzet-qarazatyn-igere-almagan-ministrlikterdi-atady/