RU

Түркістан облысының туризм басқарамасы Дохада өтіп жатқан халықаралық көрмеге қатысуда

Turkistan Tourism Center
Фото: Turkistan Tourism Center

Түркістан облысының Туризм басқармасы және «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының өкілдері Түркістан облысының туризмін халықаралық деңгейде таныстыру мақсатында 9-11 қараша аралығында Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында «IFP Group» компаниясының ұйымдастыруымен өткізіп жатқан халықаралық көрмеге қатысты.

Көрме алаңында туристік конференция, оқу бағдарламасы, арнайы конкурстар, B2B кездесулер, кулинариялық салон ұйымдастырылды.

Turkistan Tourism Center
Фото: Turkistan Tourism Center

Қазіргі таңда аталмыш іс-шараға Австрия, Аргентина, Беларусь, Бельгия, Ботсвана, Болгария, Германия, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Канада, Катар, Қытай, Кувейт, Ливан, Малайзия, Мексика, Нидерланды, Оман, Пәкістан, Палестина, Парагвай, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Хорватия, Франция, Жапония, Швеция, Түркия, Украина, Венесуэла елдері қатысты.

Turkistan Tourism Center
Фото: Turkistan Tourism Center

Катар тұрғындарының Қазақстанның туристік нысандары мен көрікті орындарына деген қызығушылықтары ерекше. Сондықтан Түркістанның бүкіл түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі екені ескеріліп, көрмеге Түркістан облысы шақырту алған болатын.

Turkistan Tourism Center
Фото: Turkistan Tourism Center

Түркістан облысының өкілдері «Yalla Check Inn», «Rayan Travel and Tourism» компанияларымен келіссөздер жүргізіп, алдағы уақыттағы бірге атқаратын жұмыстарды талқылады.

Turkistan Tourism Center
Фото: Turkistan Tourism Center

Халықаралық іс-шараға Түркістан облысы өкілдерінің қатысуы Катардан инвестиция мен саяхатшыларды тартуға ықпал ететіні анық.

Еске салсақ, енді барлық қазақстандықтар үшін Катар Мемлекетіне 30 күн бойы визасыз режим қолжетімді болып отыр. Бұл мүмкіндікті әр тоқсанда бір рет пайдалана аласыз. Бұған дейін Катарға дипломатиялық төлқұжат иелері ғана визасыз бара алатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941633-turkistan-oblysynyn-turizm-basqaramasy-doxada-otip-zatqan-xalyqaralyq-kormege-qatysuda/