Павлодар әкімдігі Алматы зообағына миллиондаған ақшаға көлік сатып алмақшы болғаны рас па
Жарияланған күні:
Павлодар ауданы әкімдігінің мемлекеттік сатып алулар порталында Алматы хайуанаттар бағы үшін көліктер сатып алу туралы хабарландыруы Қазнет пайдаланушыларының наразылығын тудырды. Бірақ ведомство лоттың техникалық ақаудың нәтижесі екенін айтты.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, лотта Павлодар ауданының әкімдігі оңтүстік астананың хайуанаттар бағы үшін 22 миллионға 4 жаңа көлік сатып алатыны көрсетілген.
Лот қазақстандықтардың наразылығын тудырды: желі қолданушылары бұл әрекеттен салық төлеушілердің ақшасын жымқырудың схемасын көрген.
Бірақ, кейінірек әкімдік сендіргендей, хабарландыру техникалық ақауға байланысты шыққан.
"Автокөліктерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды қаржы министрлігі қазынашылық комитеті тұлғасындағы бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады. Павлодар облысының қаржы басқармасының Алматы қаласы мәдениет басқармасы Алматы хайуанаттар бағының сатып алу жұмыстарына еш қатысы жоқ", – деді Павлодар ауданының әкімі Ержан Иманслям.
Айта кеткен жөн, хабарландыруды естіген Алматы хайуанаттар бағының өкілдері де таң қалды. Мұнда оларға көліктің мүлдем керегі жоқ екені хабарланды.
"Техникалық қателік орын алған, біздің өтініміміз 2 көлікке, яғни жүк көліктері және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көлік жайлы болған, сондықтан бізге жеңіл көлік сатып алудың қажеті жоқ", – деді Алматы зообағының заң және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Досбол Сейсенбаев.
Екі жақтың өкілдері қазынашылық комитетіне хабарласып, техникалық қатенің түзетіліп жатқаны туралы растау алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941802-pavlodar-akimdigi-almaty-zoobagyna-milliondagan-aqsaga-kolik-satyp-almaqsy-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.