Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнеркәсіпті дамыту қоры мен CLAAS компаниясы TUCANO отандық комбайндарды сатып алу бойынша мәмілеге келді

Опубликовано:

Өнеркәсіпті дамыту қоры
Фото: Өнеркәсіпті дамыту қоры

Трактор-машина паркін жаңарту және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық өндірушілерін қолдау бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ пен CLAAS компаниясы отандық құрастырудағы «TUCANO» комбайндарының 15 бірлігін сатып алу туралы шартқа қол қойды.

Лизингке сатып алынған комбайндар Солтүстік Қазақстан облысында майлы, дәнді-бұршақты дақылдарды өсірумен, сонымен қатар тұқым шаруашылығымен айналысатын «Асыл логистикс» ЖШС-ға берілді. Комбайндардың өз санатында астық бастырудың бірегей технологиясы бар, ал көлемі 10 мың литр астық шанағы үздіксіз жинау уақытын ұзартуға мүмкіндік береді.

Астықты түсірудің жоғары жылдамдығы тоқтап тұру уақытын қысқартады. Осы қасиеттердің барлығы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін айтарлықтай арттырады.

Өнеркәсіпті дамыту қоры мен CLAAS компаниясы ынтымақтастықты белсенді дамытуға және отандық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге тиімді талаптармен заманауи техниканы ұсынуға ниетті.

CLAAS компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын жинау зауыты биылғы қыркүйекте Петропавл қаласында ашылғанын естеріңізге саламыз. Мемлекет басшысының 2019 жылғы желтоқсанда Германия мемлекетіне жасалған ресми сапары барысында Қазақстанда CLAAS комбайндары мен тракторлары өндірісін ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941964-onerkasipti-damytu-qory-men-claas-kompaniyasy-tucano-otandyq-kombaindardy-satyp-alu-boiynsa-mamilege-keldi/

pixel