Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Сәпиевтің орнына cпорт және дене шынықтыру істері комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

тағайындау
Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Серікқанұлы Ерғалиев cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Ол Дінмұхаммед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастаған.

2012-2018 жылдары "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018-2020 жылдары — "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры, 2020 жылғы сәуір-қараша аралығында – "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы кейін міндетін атқарушы болған.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысы лауазымында болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының қызметін Серік Сәпиев атқарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942182-serik-sapievtin-ornyna-cport-zane-dene-synyqtyru-isteri-komitetine-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel