Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрлігіндегі қызметінен кетті

Опубликовано:

Серік Сәпиев
Серік Сәпиев. Фото: instagram.com/seriksapievboxing

Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кетті. Ақпаратты комитеттің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Иә, ақпаратты растаймыз", - деп жауап берді комитет.

Серік Сәпиев 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "дене шынықтыру оқытушысы" және "құқықтану" мамандықтары бойынша, 2014 жылы Брунель университетін ("Болашақ" бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған.

2016 жылы Қазақ спорт және туризим академиясының педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын 2002 жылы бастаған.

Түрлі жылдары "Қазақстанның бокс федерациясы" ЗТБ жаттықтырушы-оқытушысы, спорт жөніндегі директоры, "Astana Arlan" бас директоры қызметтерін атқарған. 2017 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін парламент мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Бокс бойынша екі мәрте әлем чемпионы (2005, 2007), екі мәрте Азия чемпионы (2007, 2009), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2009). Азия ойындарының жеңімпазы (2010).

Ол спорт және дене шынықтыру істері комитетін 2019 жылдың қаңтар айынан бастап басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1937874-serik-sapiev-madeniet-zane-sport-ministrligindegi-qyzmetinen-ketti/

pixel