Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді жоғары білімі жоқ қазақстандықтар ауыл әкімі болып сайлануы мүмкін

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда ауыл әкімі болу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар жеңілдетілуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жоғары білімі жоқ азаматтарға ауыл әкімі болуға рұқсат беру ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кеңес мүшелері орта арнаулы білімі бар азаматтарға ауыл әкімі лауазымына өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік беретін норманы бекітуді ұсынды. Мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейдегі сайлаудың бәсін арттырады деп есептеймін. Әсіресе, ауылдарда халықтың сеніміне ие болған, бірақ білімі бойынша талапқа сай келмейтін білікті, тәжірибелі, белсенді адамдар көп", - дейді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы үміткерлер үшін үгіт-насихат науқаны мерзімін ұзарту қажеттігін атап өтті.

"Тәжірибе көрсеткендей, әкім лауазымына үміткерлер үшін, әсіресе өз-өзін ұсынғандар үшін үгіт-насихат мерзімін ұзарту мәселесі өзекті болып отыр. Мерзімге түзету енгізу және қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент халық аз қоныстанған елдімекендерде кандидаттар үшін-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қаржы жеткілікті болуы мүмкін екенін, ал басқа аудандарда, мәселен, халық көп қоныстанатын оңтүстік өңірлерде бұл қаражат жеткіліксіз болуы мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942472-endi-zogary-bilimi-zoq-qazaqstandyqtar-auyl-akimi-bolyp-sailanuy-mumkin/

pixel