Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: АҚШ 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына байкот жариялауы мүмкін

Опубликовано:

Олимпиада
Көрнекі сурет: pixabay.com

Вашингтон 2022 жылдың ақпан айында өтетін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды RG.ru АҚШ-тың The Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, егер АҚШ президенті Джозеф Байден Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуына жауап ретінде мұндай шешімді мақұлдаса, Америка билігі өкілдерінің ешқайсысы Олимпиадаға бармайды.

Вашингтон бұған дейін бірнеше рет Қытайда адам құқықтарының бұзылып жатқанын мәлімдеген еді.

Байден қараша айының соңына қарай бойкот жариялау немесе жарияламау туралы шешім қабылдайды деп күтілуде.

Сонымен бірге, америкалық CNN телеарнасы бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Байденді Олимпиадаға шақыруы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Алайда, 15 қарашада өткен екі ел басшыларының онлайн келіссөздерінде Олимпиада тақырыбы сөз болмаған.

Айта кетейік, биыл көктемде АҚШ Конгресс өкілдері палатасының спикері Нэнси Пелоси Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялауға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942540-baq-aqs-2022-zyly-beizinde-otetin-qysqy-olimpiada-oiyndaryna-baikot-zariyalauy-mumkin/

pixel