Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Министрдің орынбасары
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сұлтан Қамалетдинов қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды", - делінген құжат мәтінінде.

Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Ресей Федерациясының Астрахан облысында өмірге келген.

Ташкент жоғары танк училищесін бітірген.

Еңбек жолы:

1986-2005 жылдары Германиядағы кеңес әскерлері тобының танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводы командирі; танк батальоны командирінің орынбасары – штаб бастығы, танк батальоны командирі, танк полкінің командирі, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары – штаб бастығы, механикаландырылған бригада командирі;

2006-2008 жылдары "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы басқармасының штабы бастығының орынбасары;

2008 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың тамызына дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары;

2010-2012 жылдары "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары;

2012-2013 жылдары "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары;

2013-2016 жылдары "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы;

2016-2019 жылдары Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының бірінші орынбасары болған.

2019 жылдың қазан айынан бастап жаңа қызметіне дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942584-qorganys-ministrinin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel