RU

Президент Алматыда Қарағайлы саябағын аралап, ағаш отырғызды (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы жаңадан ашылған Қарағайлы саябағын аралап көрді деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

​Президентке Алматы қаласын көркейтуге бағытталған алдағы жұмыс жоспары мен көгалдандыру ісінің ауқымы туралы есеп берілді. 

Мемлекет басшысына «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында қала бойынша 3 жылда 1 миллион түп көшет отырғызу жоспарланғаны жөнінде баяндалды. Биыл 350 мың көшет егу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта саябақтың аумағын  63 гектарға дейін кеңейту көзделіп оты

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

​Қасым-Жомарт Тоқаевқа Іле Алатауы табиғи паркі мен Алматы қорығы аумағында саяхатшылар мен альпинистердің қауіпсіздігі мен жайлы демалысы үшін салынған шағын үйлер көрсетілді. Олар жылыту пештерімен және төтенше жағдайда қажетті құтқару құралдарымен жабдықталған.

Қарағайлы
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

​Соңында мемлекет басшысы қала тұрғындары мен қонақтардың жайлы демалуына, қауіпсіздігіне және қоршаған ортаның тазалағына баса мән берілген жұмыстардың жалғаса беретініне сенім білдірді. 

"Мен Қазақстан бойынша 2 миллиард түп көшет отырғызу бастамасын ұсындым. Өйткені біз, шын мәнінде, көгалдандыруға зәруміз. Алматы бұрын жасыл қала еді. Өкінішке қарай, қазіргі кезде бұл мәртебесін жоғалтып алды. Айырылып қалған мәртебемізді қайтаруымыз керек. Ағаш егу – биік мәдениеттіліктің белгісі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943077-prezident-almatyda-qaragaily-sayabagyn-aralap-agas-otyrgyzdy-foto/