Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аталған ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды",- делінген құжатта.
Амандық Ғаббасұлы Баталов 1952 жылы 22 қарашада Өзбек КСР, Нүкісте дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік- құрылыс институтын бітірген. Мамандығы - инженер-гидротехник.
- 1981-1985 жылдары - "Алматыөңдеуқұрылыс" тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында құрылыс жұмысын жүргізуші, бас инженер, басшы;
- 1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы;
- Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы;
- Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы;
- 1987-1989 жылдары құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы;
- 1989-1991 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман;
- 1991-1992 жылдары ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті;
- 1992 жылы "Құрылыс индустриясы және технология" концернінің вице-президенті;
- 1992-1994 жылдары Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары;
- 1994-1995 жылдары Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі;
- 1995-2001 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі;
- 2001-2008 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары;
- 2008 - 2014 жылдары Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
- 2014 жылдың 20 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысын басқарды.
Ол "Құрмет" орденімен, "Астана медалімен және "Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943673-amandyq-batalov-almaty-oblysynyn-akimi-qyzmetinen-bosatyldy/