Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Амандық Баталов
Амандық Баталов. Фото: instagram.com/amandyk.batalov

Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды",- делінген құжатта.

Амандық Ғаббасұлы Баталов 1952 жылы 22 қарашада Өзбек КСР, Нүкісте дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік- құрылыс институтын бітірген. Мамандығы - инженер-гидротехник.

  • 1981-1985 жылдары - "Алматыөңдеуқұрылыс" тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында құрылыс жұмысын жүргізуші, бас инженер, басшы;
  • 1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы;
  • Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы;
  • Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы;
  • 1987-1989 жылдары құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы;
  • 1989-1991 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман;
  • 1991-1992 жылдары ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті;
  • 1992 жылы "Құрылыс индустриясы және технология" концернінің вице-президенті;
  • 1992-1994 жылдары Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 1994-1995 жылдары Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі;
  • 1995-2001 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі;
  • 2001-2008 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары;
  • 2008 - 2014 жылдары Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
  • 2014 жылдың 20 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысын басқарды.

Ол "Құрмет" орденімен, "Астана медалімен және "Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943673-amandyq-batalov-almaty-oblysynyn-akimi-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel