Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Түркияда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтпейтінін мәлімдеді

Опубликовано:

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Chris J Ratcliffe/Getty Images

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған президенттік сайлау 2023 жылдың маусым айында, жоспарланған мерзімде өтетінін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Түркиядағы оппозициялық партиялардың жетекшілері Режеп Тайып Ердоғанды ​​біліксіз деп айыптап, лираның рекордтық құлдырауына байланысты мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етті.

"Қандай мерзімінен бұрын сайлау туралы сөз болып отыр? Сайлау 2023 жылы маусымда өтеді", - деді Түркия көшбасшысы.

Сонымен бірге, шерушілер ұлттық валюта бір доллар үшін 13,46 лираға дейін құлдыраған соң үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде.

Желіде жарияланған кадрларда Стамбұлдағы ереуілшілердің "Үкімет отставкаға кетсін" деп ұрандатып жатқанын көруге болады.

Наразы топ Ұлттық банк ғимаратының алдына да жиналған. Олардың қолында "Сіздер өз жұмыстарыңызды нашар атқардыңыздар, сіздерді жазаға тартады. Үкімет отставкаға кетсін", - деген ұрандар жазылған плакат бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943711-erdogan-turkiyada-merziminen-buryn-prezidenttik-sailau-otpeitinin-malimdedi/

pixel