Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент жұмыс сапарымен Швейцарияға барды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: facebook.com / Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Швейцария конфедерациясына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ.

Сапар бағдарламасы бойынша мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр", - деп жазды Уәли.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы 25-26 қараша күндері Бельгияға ресми сапармен барып, Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1944327-prezident-zumys-saparymen-sveicariyaga-bardy/

pixel