Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

500-ге жуық жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: gov.kz

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында Сырдария ауданында құны 2,4 млрд теңгені құрайтын 500-ге жуық жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

450 жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден 80 кәсіпкерлік субъектісі 506 миллион теңге несие алып, жұмыстарын жасауда. Осы бағдарламаның қайтарымсыз грант беру тетігі бойынша 8 жоба 23 миллион теңгеге қаржыландырылды.

8 грантты да жас кәсіпкерлер ұтып алып, қазіргі таңда өздерінің ашқан кәсіптерін жандандыруда.

«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы арқылы «Өңірлік инвестициялық орталығы» микро қаржы ұйымы арқылы 21 кәсіпкерлік субъектісі 90 миллион теңге несие алды.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғам және жеке қаражаттары есебінен барлығы 1 миллиард теңгеден аса қаржыға 53 техника алды.«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 276 миллион теңгенің 67 жобасы несиелендірілді.

Олардың басым бөлігі мал басын көбейту, бордақылау, монша ашу, қажетті техникаларды алу секілді жобаларды қамтиды.Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында «Стартап» жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 235 адамға 137 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945190-500-ge-zuyq-zobaga-qarzylai-qoldau-korsetildi/

pixel