Бас прокурор мемлекет басшысына есеп берді
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданын баспасөз қызметі.
Президентке еліміздегі заңдылықтардың сақталуы, құқықтық тәртіптің жағдайы және осы кезеңдегі прокуратура органдары жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмысқа қарсы күрес шаралары мен қылмыстық үдерістің үш буынды моделіне көшу жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы да баяндалды.
Прокурорлар 360 мыңнан астам қаулы мен тергеу органдарының хаттамаларын тексерген. Нәтижесінде 3 мыңнан астам азамат негізсіз қылмыстық айыптың құрығынан құтқарылған.
Сонымен қатар, мемлекет басшысына қоғамның, азаматтардың және бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстары жайында айтылды. Бас прокурордың сөзінше, жыл басынан бері қадағалау-бақылау органдары 100 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, мыңнан астам негізсіз тексерулердің жолын кескен.
Президентке халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективалары, оның ішінде шетелдік әріптестермен бірлесіп жұмыс істеуге байланысты қол жеткізілген келісімдер туралы да арнайы баяндалды.
Бұдан бөлек, Ғизат Нұрдәулетов дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру, азаматтардың еңбек құқығы, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану, экология, халықты медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері үнемі прокуратураның назарында болатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев прокуратура органдарының тапсырмаларды орындау барысындағы жұмыстарына оң баға беріп, қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықты одан ары қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1945245-bas-prokuror-memleket-bassysyna-esep-berdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 2
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Ия катырып жатырсындар? 1 емес 3 рет арыздандым 2017ж туылган балам Шымкент каласында 14 даригер мен 2 медбикенин киналарынан балам кайтыс болды.23.04.2021ж мен 17.05.2021ж аралыгында больницага жаткан сон 2 куннен сон системадан сон реанимацияга тусти 21 кун комада жатып кайтыс болды.Фарм контрольмен АКТ шыкты августе кылмыстык ис козгалды 317баппен али тергеу толык битпей жатыр.Билип отырсындар колдарыннан тук келмей отыр гой.Бир бирине силтеп уакыт откизип.АЛЛАнын кози тура ешким жазасыз калмайды бул дуниеде болмаса да о дуниеде жазасыз калмас ешкимде.
асекеасеке
Прокуратура заңдылықты қорғамайды, жәй азаматтардың құқығын қоргамайды, ол тек байлардын, фирмалардын, стройкоманиялардын мудесiн қорғаушы орган. Прокуратура елiмiзге керегі жоқ деп ойлаймын, бюджеттi бостан босқа шығындау.
Tab_4