Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден Тоқаевқа хат жолдады

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Gettty Images/ Drew Angerer / Staff

АҚШ президенті Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап жеделхат жолдады. Оның мәтінін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өзінің ресми сайтында және Telegram-дағы арнасында келтірді.

"Қазақстанның Орталық Азия мен дүниежүзінде бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын", – деп жазды америкалық көшбасшы.

Оның пікірініше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді.

Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша "Қазақстанның орасан зор күш-жігерін" жоғары бағалады.

"Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті", – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945323-baiden-toqaevqa-xat-zoldady/

pixel