Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасымнан табылды": Елбасы жаңа мақаласында Тоқаев туралы сөз қозғады

Жарияланған күні:

Елбасы мен Тоқаев
Елбасы мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Тәуелсіздік тағылымы" атты жаңа мақаласында Қазақстанның қазіргі президенті Қасым- Жомарт Тоқаев туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Осыдан екі жарым жыл бұрын елімізде президенттік билік ауысты. Маған: "Ата заңымызда Сізге ешқандай шектеулілік жоқ. Соңғы сайлауда халықтың 98%-ына жуығының қолдауына ие болдыңыз. Қызметіңізді атқара беріңіз", – деушілер аз болған жоқ. Бірақ әр нәрсе өз ретімен болуы керек.

Отыз жылға жуық ел басқарған кезімде мен жаныма қаншама азаматты серік етіп, көптеген шәкірт тәрбиеледім. Солардың ішінде үкімет басқарған, Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары ретінде жаһандық саясатқа жетіктігін танытқан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қасымнан табылған нағыз патриот, жоғары білікті кәсіпқой тұлға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты президенттік қызметке ұсындым.

Сайлауда халықтың басым көпшілігі оны қолдады. Осылайша, біз халқымыздың ауызбірлігін, саясаттағы сабақтастығымызды күллі әлем қоғамдастығына тағы бір қырынан таныта білдік.

Халықтан кім асырып айтқан?! "Диірменнің тасындай дөңгеленген дүние" бір орнында тұрмайтыны белгілі. Президент ауысады, бірақ тәуелсіздік мәңгілік болуы керек. Әр қазақстандық алдағы уақытта оның тұғырын нықтап, еңсесін тіктеп, абыройын асыруға қызмет етуге тиіс. "Мәңгілік ел" идеясының түпкі мақсаты осында. Ең бастысы – еліміз аман, ұрпағымыз азат. Біз алақанға салып өсірген сол азат ұрпақ ендігі жерде "Мен Қазақстаныма не беремін?" дегенді ойлауы керек",- деп жазды Елбасы.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945402-qasymnan-tabyldy-elbasy-zana-maqalasynda-toqaev-turaly-soz-qozgady/