Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика министрі мен орынбасарының қанша жалақы алатыны белгілі болды

Опубликовано:

Әсет Ерғалиев
Әсет Ерғалиев. Фото: Egemen.kz

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі Әсет Ерғалиев пен оның орынбасарының жалақысын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство дерегінше, ұлттық экономика министрінің жалақысы 896 мың теңгені құрайды. Ал вице-министр 633 мың теңге алады.

"Саяси мемлекеттік қызметшілердің (министр, вице-министрлер) жалақысы 2014 жылы өсті. Осыдан кейін министр мен вице-министрлердің еңбекақысы өскен жоқ. Министрліктегі басшылық лауазымдарды атқаратын әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің (департамент директорлары) жалақысы 2014 жылдан бері жоғарылаған жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін бірқатар қазақстандық шенеунік ай сайынғы жалақысын атаған болатын.

Олардың қатарында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1946756-ulttyq-ekonomika-ministri-men-orynbasarynyn-nese-zalaqy-alatyny-belgili-boldy/

pixel