Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев: Егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шараны ашты. Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды қастерлі мерекемен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті отандастар! Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын! Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық", – деді президент өз сөзінде.

Мемлекет басшысы егемендік елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ екенін атап өтті.

"Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!", – деді мемлекет басшысы.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев ел басына күн туған кезеңдерді де еске алды.

"Халқымыз Егемендіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінеді. Өйткені, біз азаттықтың құны қандай екенін жақсы білеміз. Бостандық жолында талай батырларымыз құрбан болды. Қаншама қиын күндер басымыздан өтті. Бірақ, халқымыз барлық сынақты қайыспай көтерді", – деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947120-prezident-egemendik-eldin-barine-buiyra-bermeitin-baq/