Тоқаев Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында еліміздің Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
" Мүлдем жаңа геосаяси ахуалда мемлекет құру оңай шаруа емес, нағыз көшбасшының ғана қолынан келетін іс. Ең күрделі, бұлыңғыр кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай дара тұлға тарих төріне шықты. Анығын айтқанда, Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды.
Бүгінгі мерейлі мемлекетіміз – Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі, көзсіз ерлігінің жеңісі! Ол Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға ретінде әлем тарихынан мәңгі орын алады. Тұңғыш Президентіміз жаһан жұртының алдында ұлт мүддесін қорғай білген көреген саясаткер", - деп келтірді президент сөзін Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947129-memleket-bassysy-tauelsizdik-seziresi-elbasynyn-qolymen-zazyldy/