Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Назарбаев өз арманын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында қандай арманы бар екенін айтты, деп хабарлайды Elbasy.kz.
"Қазіргі күні біз алдымызға озық 30 ел қатарына қосылу жөнінде өршіл мақсат қойып отырмыз.
"Армансыз адам – қанатсыз құс" дегендей, елімізді өркендету жолында бізге ешқашан тоқмейілсуге, тоқтап қалуға болмайды.
Жер көлемі жөнінен әлемде 9-шы орын алатын еліміз басқа да барлық бағыт бойынша болашақта озық 10 мемлекет қатарына қосылса деп армандаймын.
Ұлы мұрат жолына белін байлаған ұлтымыз, мақсаткер де жасампаз жұртымыз барда сол арманымның орындаларына сенгім келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы ол үшін ел бірлігі мығым болып, жастар білімге арқа сүйеуі керектігін атап өтті.
Оның сөзінше, басымыз бір болып, қонған азаттықты аялай білуіміз керек.
"Тірлік басқа болса да, тілек бір. Бармақ басқа болса да, білек бір" деген атадан қалған ұлағатты сөз бар. Тәуелсіздікті жариялап, тұрлаулы ету біздің буынға бұйырған бақыт әрі киелі борыш болды. Ал сол Тәуелсіздікті қорғау мен ел ырысын еселеу келер ұрпаққа, жастарымызға парыз әрі аманат. Заманауи біліммен қаруланған бүгінгі жас толқын Тәуелсіздіктің жылнамасын жазып жатыр. Қазіргідей аумалы-төкпелі уақытта бәрін тек білім, ғылым, таудай талап пен табанды ізденіс арқылы ғана толық игеруге болады, бекем бағындыруға болады", - деді Тұңғыш Президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947146-nursultan-nazarbaev-armanyn-aitty/