"Шағын және орта бизнесті дамыту": Президент Алтай Көлгіновке бірқатар тапсырма берді
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар және халыққа вакцина салу жұмыстарының барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке жылумен қамту, инфрақұрылым, инженерлік желілер, әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы сияқты салалар бойынша қордаланған мәселелерді шешуге қатысты, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947573-sagyn-zane-orta-biznesti-damytu-prezident-altai-kolginovke-birqatar-tapsyrma-berdi/