Қазақстандық шенеуніктерге такси жүргізушісі болып табыс табуға рұқсат берілмек

Опубликовано:

Такси жүргізушісі
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шенеуніктердің бос уақытында қосымша табыс табуға мүмкіндігі болуы үшін еліміздің заңдарына өзгертулер енгізу мүмкіндігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері "Билік мемлекеттік қызметшілерге қосымша табыс табуға мүмкіндік бере ме?" деп сұрады.

Бүгінде олар өз қызметінен бөлек заң бойынша тек оқыту, ғылыми немесе басқа да шығармашылық қызметпен айналыса алады.

"Бүгінге дейін заңнамада мұндай норма болмады, бірақ болашақта мұндай норма қарастырылып жатыр, түзетулер әзірлеп жатырмыз", – деді Анар Жайылғанова.

Ол мұның бизнес жүргізуге рұқсат беру мәселесіне қатысы жоқтығын ескертті.

"Жоқ, кәсіпкерлік емес. Мысалы, жұмыстан тыс уақытта такси жүргізушісі болып жұмыс істеуге болады. Сонымен қатар, отбасыңызды асырау үшін қосымша қаражат қажет болса, ақша табуға болады. Қазіргі уақытта тиісті түзетулер әзірлеп жатырмыз. Бірақ бұл әзірге қабылданбаған норма. Ал кәсіпкерлікке тыйым салынады", – деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948750-qazaqstandyq-seneunikterge-taksi-zurgizusisi-bolyp-tabys-tabuga-ruqsat-berilmek/