Берік Уәли: Үкіметте ауыс-түйіс болатыны сөзсіз

Опубликовано:

Ақорда
Фото: akorda.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли "Хабар 24" арнасына сұхбат беріп, 11 қаңтар күні қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты. Бұл күні мемлекет басшысы парламентте сөз сөйлетіні хабарланған еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Берік Уәлидің айтуынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін халыққа үндеуінде 11 қаңтар күні парламентте сөз сөйлейтінін хабарлаған. Ол президенттің өзі бәрін хабарлайтын күнді күтуге шақырды.

"Күтейік. Президенттің алдына түсіп, шешімдерін айтуға менің құқығым жоқ", - деді баспасөз хатшысы.

Оған қоса, Берік Уәли бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің отставкаға кетуіне байланысты үкімет уақытша болып саналатынын және ондағылардың бәрі министрдің міндетін атқарушы болып табылатынын еске салды.

"Үкімет қайтадан құрылады. Сол кезде кімді қалдыратынын, кімді ауыстыратынын президент өзі біледі. Бәрі күтуде. Үкіметте ауыс-түйіс болатыны сөзсіз. Күтіңдер. Бірақ қазіргі таңдағы басты мақсат – елдегі тұрақтылықты және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құқық қорғау органдары осы бағытта жұмыс істеп жатыр", - деді Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950138-berik-uali-ukimette-auys-tuiis-bolatyny-sozsiz/