Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарларын ауыстырды

Опубликовано:

Тоқаев1
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Марат Сапарұлы Өсіпов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды;
  • Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Олардың орнына Бақытбек Қосжанов пен Асқар Амерханов келді.

"Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950145-toqaev-uqk-toragasynyn-orynbasarlaryn-auystyrdy/

pixel