Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қарин Қазақстандағы ахуал жайлы: Мемлекетті сақтай аламыз ба деген сұрақ туындады

Опубликовано:

Ерлан Қарин
Фото: Instagram/erlankarin2019

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Хабар24 телеарнасына берген сұхбатында еліміздегі жағдай тұрақсыздық пен төңкеріс жасау мақсатында жасалған гибридті лаңкестік әрекет болды, деп мәлімдеді.

Қариннің сөзін Sputnik Қазақстан агенттігі жариялады.

"Қазір бұл оқиғалардың сипаты туралы сенімді түрде айта аламыз. Бұл жаппай тәртіпсіздік емес, біз көріп жүрген әдеттегі тәртіпсіздік емес. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер ойран салып, өрт қояды. Ал мұнда мемлекеттік мекемелерге, құқық қорғау органдарының ғимараттарына шабуыл жасалды. Алматы полиция департаментінің өзіне алты рет басып кірмек болды. Полиция департаменті қорғанып, түнгі 12-ден таңғы 5-ке дейін шабуылды тойтарды", - дейді Ерлан Қарин мемлекеттік арна эфирінде.

Оның айтуынша, шабуылдардың артында кім тұрғаны туралы соңғы жауапты арнайы қызметтер береді.

"Мен 20 жыл бойы терроризм проблемасымен айналысып келемін, бірақ бірнеше топтың қалаларға осылай шабуыл жасағанын, ғимараттарды, мекемелерді және тағы басқа нысандарды басып алуға тырысқанын есіме түсіре алмай отырмын. Бұл арнайы қызметтерге сын-қатер төндіретін жаңа құбылыс. Біз мұндай арсыз сценарийді кез келген басқа елге қарсы қолдануға болатын жаңа кезеңге аяқ басқанымызды түсінуіміз керек... Мемлекетті сақтай аламыз ба деген сұрақ туындады", - дейді мемлекеттік хатшы.

Оның айтуынша, мемлекеттің тұтастығын бұзу мақсатында жағдайды тұрақсыздандыруға барлық құрал мен техника арсеналы қолданылған, дегенмен республика қарсы тұра білді.

Президенттің батыл әрекеті, соның ішінде ҰҚШҰ контингентін шақыру туралы шешімі тұрақсыздандыру бойынша барлық жоспарды бұзды, деп толықтырды Ерлан Қарин.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы қоғамдық пікір бұрмаланып жатқанын да атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы аумағында 2022 жылғы 4-8 қаңтар аралығында болған тәртіпсіздіктерге белсенді түрде қатысқан екі экстремистік топ құрықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950204-erlan-qarin-qazaqstandagy-axual-zaily-memleketti-saqtai-alamyz-ba-degen-suraq-tuyndady/

pixel