Бүгін президент еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады
Жарияланған күні:
Бүгін, 11 қаңтарда сағат 11:15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің отырысына қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
"Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады.
Сондай-ақ, президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды", - деп жазды Уәли.
Жиын "Хабар 24" телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950403-bugin-toqaev-elimizdin-zana-premer-ministrinin-kandidaturasyn-usynady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.