Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметінде қалды

Жарияланған күні:

Ерлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: Ішкі істер министрлігі

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі қызметінде қалды.

Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев - полиция генерал-майоры, 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Заң ғылымдарының кандидаты, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған.

Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздеу бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді.

1986–2002 жылдар аралығында Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.

2002 жылғы ақпан–қыркүйек аралығында — Қазақстан Республикасы ІІМ тоғызыншы департаментінің бастығы;

2002 жылғы қыркүйек–2003 жылғы сәуір аралығында — Қазақстан Республикасы ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы;

2003 жылғы сәуір – 2006 жылғы мамыр аралығында — Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басқарма бастығы, бастығы;

2006 жылғы мамыр – 2006 жылғы шілде аралығында — Қазақстан Республикасы ІІМ тергеу комитетінің төрағасы;

2006 жылғы шілде – 2012 жылғы желтоқсан аралығында — Алматы қаласы ішкі істер департаментінің бастығы;

2012 жылғы желтоқсан – 2019 жылғы ақпан аралығында — Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары болды.

2019 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР президентінің жарлығымен ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950597-erlan-turgymbaev-iski-ister-ministri-qyzmetinde-qaldy/