Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр қызметінен босатылған Аида Балаева жаңа лауазымға ие болды

Жарияланған күні:

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Аида Балаева Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын", - делінген құжатта.

Айта кетейік, Аида Ғалымқызы Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020 жылдың 4 мамырынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.

Ол "Құрмет" орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950600-ministr-lauazymynan-bosatylgan-aida-balaeva-zana-qyzmetke-keldi/