Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Бектанов қорғаныс министрі лауазымын сақтап қалды

Жарияланған күні:

Мұрат Бектанов
Фото: wikipedia.org

Президент жарлығымен Мұрат Бектанов қайтадан қорғаныс министрі болып тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін үкіметтің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мұрат Бектнов 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Соколов ауылында туған. 1983 ж. - 1984 ж. аралығында мерзімді әскери қызметін өтеген. 1988 жылы Киев жоғары жалпыәскери командалық училищесін бітірген. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын бітірген. 2007 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясын бітірген.

Әскери шені: генерал-лейтенант (2020). Тілдерді меңгеруі: қазақша, орысша. II дәрежелі "Даңқ" орденімен (2014) марапатталған. Медальдар: мерейтойлық және еңбек өтілі үшін.

1988-1998 ж.ж. – мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі, барлау бастығы – взвод командирі, жеке мотоатқыштар батальонының штаб бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. 2000-2007 ж.ж. – жедел басқарма бастығы – Республикалық ұлан Орталық аппаратының штаб бастығы, Республикалық ұлан Орталық аппаратының Әскери қызмет және әскерлер дайындығы департаментінің бастығы лауазымындарында болды. 2007-2010 ж.ж. – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2010-2011 ж.ж. – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің бастығы. 2011-2013 ж.ж.– өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы. 2013-2016 ж.ж. – "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. 2016-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы. 2019-2021 ж.ж. – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы. 2021 ж. 31 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950615-murat-bektanov-qorganys-ministri-lauazymyn-saqtap-qaldy/