jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Үкіметтің жаңа құрамы: Бағдат Мусин өз қызметінде қалды

    Бағдат Мусин
    Фото: gov.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Оған сәйкес цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өз қызметінде қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы қол қойған тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

    Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген. 

    • "NAT" АҚ, "Ізет" ЖШС және басқа да жеке компаниялар қызметкері (2004 жылға дейін);
    • "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, Куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда IT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары (09.2004-11.2007);
    • "AMANAT-insurance" БК" акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант (09.2004-11.2007);
    • Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы (11.2007-04.2010); 
    • Байланыс және ақпарат министрлігінде (Көлік және коммуникациялар министрлігі) Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары  (04.2010-04.2011);
    • Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары (04.2011-03.2012);
    • Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы (03.2012-04.2014);
    • "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (04.2014-08.2014);
    • "Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (08.2014-01.2017);
    • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (01.2017-05.2018);
    • Bi Group құрылыс холдингі Басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы (05.2018-06.2019);
    • IT кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да IT-стартаптардың негізін қалаушы (06.2019-03.2020);
    • Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі  (03.2020-07.2020);
    • ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары (07.2020-09.2020);
    • ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (02.09.2020 бастап).
    Үкіметтің жаңа құрамы: Бағдат Мусин өз қызметінде қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.