Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертең Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы отырыс өткізеді

Опубликовано:

Үкімет үйі
Фото: Хабар 24

Ертең, 12 қаңтар күні Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы отырыс өткізеді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Сәрсенбі күні, 12 қаңтарда сағат 08:30-да үкімет үйінде үкімет отырысы өтеді.

"Күн тәртібінде: 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламент мәжілісінде сөйлеген сөзі барысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары;
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай. Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінен көре аласыздар",- делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Республикасы үкіметінің жаңа құрамы бекітілгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950629-erten-qazaqstan-ukimetinin-zana-quramy-otyrys-otkizedi/

pixel