Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол - өз ісінің маманы": Министр қызметінен кеткен Мырзағалиев мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Мағзұм Мырзағалиев.
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: primeminister.kz

Бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қызметінен кеткен соң Twitter парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін мен энергетика министрі ретінде қызметімді аяқтадым. Мемлекет басшысына маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын.

Сонымен қатар, әріптестеріме, ардагерлерге, мұнай-газ бен энергетика саласындағы сарапшыларға азғантай уақыт ішінде бірлесе атқарған нәтижелі жұмыс үшін алғыс айтамын",- деді экс-энергетика министрі.

Сондай-ақ, ол энергетика министрлігінің жаңа басшысына сәттілік тіледі.

"Болат Ақшолақов - өз ісінің маманы. Ол бұл салада көптеген жыл жұмыс істеп келеді. Сәттілік пен табыс тілеймін!",- деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950664-ol-oz-isinin-mamany-ministr-qyzmetinen-ketken-myrzagaliev-malimdeme-zasady/

pixel