"Осы жылы іске асуы тиіс": Смайылов министрлерге қандай тапсырма берді
Жарияланған күні:
Қазақстанның жаңа үкіметінің бірінші отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов ұлттық экономика министрлігіне мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттер бойынша аз уақыт ішінде бағдарлама дайындауды тапсырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Үкімет басшысы 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында айтылған тапсырмалар осы жылы іске асуы тиіс екенін шегелеп айтты.
"Мемлекеттік басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша нақты міндеттерді белгілеп берді. Президенттің тапсырмалары қазіргі қоғамның қажеттіліктері мен сын-қатерлеріне негізделген", - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр үкімет мүшелеріне назар аударуға тиіс мәселелерді атап шықты.
"Мемлекет басшысы үш апта ішінде үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын дайындауды тапсырды. Бағдарламада айтылған тапсырмалар осы жылы іске асуы тиіс. Құжатты өте сапалы деңгейде дайындау қажет. Ұлттық экономика министрлігіне, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бағдарлама жобасын әзірлеп осы жылдың 26 қаңтарына дейін үкіметке енгізуді тапсырамын.
Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенін жаңартып , қаулы жобасын үкіметке енгізсін.
Самұрық-Қазына қорының сатып алу тәртібін қайта қарау қажет. Мұнда бір көзден сатып алумен мемлекеттік сатып алу үлесін қысқарту мәселесін пысықтау керек. Қаржы министрі аталған тәсілмен мемлекеттік сатып алудың негізділігі бойынша тиісінше бақылауды қамтамасыз етсін. Самұрық-Қазына Қаржы министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, қормен оның еншілес компанияларының сатып алуды жүзеге асыру процесін бір құжат деңгейінде қайта қарасын.
Ұлттық экономика министрлігі батыс және оңтүстік өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, "Ауыл -ел бесігі", "Бизнестің жол картасы" және басқа да салалық бағдарламалар аясында жекелеген бағыттарда әзірлеуі қажет.
Индустрия министрлігі Астана әкімдігімен бірлесіп LRT жобасын пайдалану тәсілдері бойынша ұсыныстар енгізсін", - деді Әлихан Смайылов ел экономикасына қатысты сала басшыларына тапсырма беріп.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950686-osy-zyly-iske-asuy-tiis-smaiylov-ministrlerge-qandai-tapsyrma-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.