jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасарлары ұсталды

    қылмыстық іс
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҰҚК ресми сайты.

    Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

    "Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды", - делінген хабарламада.

    Тергеу жалғасуда.

    Айта кетейік, 6 қаңтар күні ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімовтің қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

    Кейіннен БАҚ беттерінде Мәсімовтің ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылғаны хабарланды. Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылуда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.