Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Сүлейменов президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Серік Сүлейменов
Серік Сүлейменов. Фото: gov.kz

Серік Сүлейменов Қазақстан президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды", - делінген президенттің жарлығында.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылғанын жазған едік.

Сонымен қатар, 17 қаңтарда Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951594-serik-suleimenov-prezidenttin-baiqonyr-kesenindegi-arnauly-okili-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel