Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Назарбаева қаңтардың соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болады

Опубликовано:

Мәжіліске сайланған әйел депутаттар
Фото: ҚР Сенаты баспасөз қызметі

Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылымның мәліметінше, бұл туралы депутаттың баспасөз хатшысы хабарлаған.

"Дариға Назарбаева коронавирус инфекциясымен ауырғаннан кейін оңалтуға байланысты қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болады", - деді оның баспасөз хатшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін парламенттің төменгі палатасы депутаттың кезекті отырысқа не себепті келмегенін түсіндірген болатын.

"Ол да басқа әріптестері сияқты денсаулығына байланысты демалыс алып, бүгінгі отырысқа қатысқан жоқ", - деді баспасөз қызметінің мамандары

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951596-dariga-nazarbaeva-qantardyn-sonyna-deiin-zalaqysy-saqtalmaityn-demalysta-bolady/

pixel