Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Опубликовано:

Аманжол Алпысбаев
Аманжол Алпысбаев. Фото: zakon.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің өкімімен орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды. Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі мемлекеттік қызметкерге алғыс айтып, сәттілік тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алпысбаев Аманжол Әлиханұлы мемлекеттік қызметке сай емес, қалыптасқан еңбек жағдаяттарына байланысты ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" заңының 59-бабының 4 және 5-тармақтарының негізінде қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Аманжол Алпысбаев бұл қызметті 2019 жылдың шілде айынан бері атқарып келген. Осы уақыт аралығында ол өзін кәсіби маман ретінде көрсете білген.

"Аманжол Алпысбаев сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы стратегиялық жоспарлау мәселелерін, сондай-ақ тариф саясаты, мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту, мемлекеттік сатып алулар, қоршаған ортаны басқару, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мәселелерін қадағалады.

Президенттің шығындарды оңтайландыру, сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау және т.б. бойынша тапсырмаларын орындауда облыс үшін орасан зор жұмыс атқарды. Алпысбаев мемлекеттік сатып алудың үш жылдық жоспарын әзірлеуде және бюджет қаражатын үнемдеу мен тиімді пайдаланудың басқа да мәселелерін талдауға тікелей қатысты", - деп атап өтті БҚО әкімдігі.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті Аманжол Алпысбаевты қызметінен босатуды ұсынған еді. Ведомствоның хабарлауынша, шенеунік "Самрұқ Гидро" ЖШС басшысы бола отырып, заңды бұзған.

Бірақ Алпысбаев бұл уәжбен келіспей, мұндай серіктестіктің бар екенін хабарсыз екенін айтқан. Ол ұсынысты заңсыз деп тануды талап етіп, төрт рет әкімшілік сотқа жүгінген. Алайда сот оның талабын қанағаттандырудан бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951725-bqo-akiminin-orynbasary-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel