Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

қорғаныс министрі
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Тиісті құжатқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген құжат мәтітінде.

Айта кетейік, Руслан Жақсылықов 1966 жылы төртінші наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданында өмірге келген.

Ол И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны, РФ ҚК Бас штаб әскери академиясының жоғары академиялық курсын (2004) бітірді.

Руслан Жақсылықов бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951947-ruslan-zaqsylyqov-qorganys-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel