Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртқы істер министрі: Бейжің әскери көмек беруге дайын болды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Қытайдан әскери көмек сұрай алмайтынын, бірақ ҚХР билігі оны беруге дайын болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Euractiv порталының хабарлауынша, Брюссельдегі сұхбатта Мұхтар Тілеубердіге "Тәртіпсіздік кезінде Қазақстан Қытай билігінен әскери көмек сұрауы мүмкін бе еді?" деген сұрақ қойылған.

СІМ басшысы Қазақстанның ҰҚШҰ-дан бөлек Бейжіңнен немесе басқа елдерден, ұйымдардан көмек сұратуға құқықтың негізі болмағанын жеткізді.

"Бірінші күннен бастап Қытай үкіметі бізбен президент деңгейінде байланыс ұстап отырды, мен өзім ҚХР СІМ басшысы И. Ванмен хабар алыстым. Олар барлық қажетті көмекті беруге әзір болды. Көптеген әріптестеріміз өз көмектерін ұсынды, оның ішінде әскери көмек те бар", - дейді Мұхтар Тілеуберді.

Еске сала кетсек, 11 қаңтарда еліміздегі жаппай тәртіпсіздік кезінде Қытайдың Қазақстанға көмек беруге дайын екені хабарланды.

Сондай-ақ, бүгін ҰҚШҰ-ның соңғы бітімгершілік әскері Қазақстан аумағынан кеткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951971-syrtqy-ister-ministri-beizin-askeri-komek-beruge-daiyn-boldy/

pixel