Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстан президентімен өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін талқылады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Президенттер келіссөздер процесін екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде жандандыруға уағдаласты.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылаған.

Сондай-ақ, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952198-toqaev-ozbekstan-prezidentimen-onirdegi-qauipsizdikti-qamtamasyz-etu-maselesin-talqylady/

pixel