Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Опубликовано:

"Қорғасты" сауда министрлігінің меншігіне беру жоспарланып отыр
"Қорғас" ШЫХО. Көрнекі фото: instagram.com/mcps_khorgos

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, тек уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушылар тексеріледі. Нәтижесінде заң бойынша көзделген шаралар қабылданатын болады.

"Жүргізіл жатқан тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді. Жалпы, шекарадағы өткізу пункттері мен тауарларды кедендік тазартудың өзге де орындары белгіленген жұмыс режиміне сәйкес жұмыс істеп жатыр", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Сонымен қатар, ведомство 2021 жылдың қорытындысы бойынша нарықта ҚХР-мен импорттық операцияларды жүзеге асыратын 7241 сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істейтінін атап өтті.

"Оның ішінде 17 субъекті УЭО болып табылады, оларға импорттың барлық көлемінің 18 пайызы тиесілі. Бұл ретте 5 УЭО – өз мұқтаждары үшін өнімдерді импорттайтын өндірістік сектор және 2 УЭО квазимемлекеттік сектор ("Қазпочта" АҚ және "ҚТЖ" АҚ еншілес ұйымы – "KTZ Express" АҚ)", - деп қосты комитет.

"KTZ Express" АҚ қазақстан-қытай шекарасында өзіндік инфрақұрылымы бар кедендік өкіл және халықаралық экспедитор болып табылады. Ол Орталық Азиядағы ең ірі "KTZE-Khorgos Gateway" құрғақ портымен жұмыс істейді, сондай-ақ KIF Warehouses А сыныпты қойма бөлмелеріне ие.

Оператордың басты артықшылығы – тапсырыс берушілер үшін де, фискалдық органдар үшін де ашық қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952268-toqaevtyn-tapsyrmasy-boiynsa-qazaqstan-qytai-sekarasynda-tekseru-zumystary-zurip-zatyr/

jitsu gif