"Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес": Президент халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтты
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу кезінде халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда, KPMG Қазақстан байлығының тең жартысына 162 адам иелік етеді деп мәлімдеді. Ал бұл ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл ғана асады. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қоғамдағы мұндай теңсіздікті шұғыл түрде өзгерту керек екенін жеткізді.
"Көп нәрсе сіздерге байланысты, құрметті кәсіпкерлер. Реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңестің отырыстарының бірінде мен біздің елде олигополия бар екенін айттым. Мұнда отырғандардың барлығы олигополияның анықтамасын біледі деп үміттенемін. Бұл бизнестің бір қолға шоғырланып, кәсіпкерлікке қабілетті басқа адамдардың онымен айналысуға мүмкіндігінің болмауы . Бұл ең қауіпті үрдіс", - деді мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бір күндік жалақыны "Қазақстан халқына" қорына аудару идеясын сынға алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952330-toqaev-xalyqtyn-zartysynyn-ailyq-tabysy-50-myn-tengeden-aspaidy/