Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Қазақстандағы кен орындарының бәріне тексеру жүргізуді тапсырды

Опубликовано:

Кен орны
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда ірі бизнес өкілдерімен өткен кездесуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кен орындарының бәріне тексеріс жүргізу қажет екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Табиғи ресурстарымызды барынша тиімді пайдалану керек. Үкімет барлық табиғи кен орындарына тексеріс жүргізіп, пайдаланылмай жатқан кен орындарын анықтап, оларды одан әрі игеру үшін жергілікті және шетелдік инвесторларды тарту қажет.

Егер кен орны пайдаға аспай тұрса, онда оны алып, ақша салуға дайын адамға беру керек", - деп мәлімдеді президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу кезінде халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952331-prezident-qazaqstandagy-ken-oryndarynyn-barine-tekseru-zurgizudi-tapsyrdy/

pixel