Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Нұрлан Әбдіров
Нұрлан Әбдіров. Фото: parlam.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

1982-1984 жылдары - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы болып жұмыс істеген.

1984-1987 жылдары - КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкті болды.

1987-1997 жылдары - ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

1997-2000 жылдары - Есірткіні бақылау жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының хатшысы болып қызмет етті.

2000-2001 жылдары - Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары болған.

2001-2002 жылдары - Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары болды.

2002-2005 жылдары – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор, Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарды.

2005-2009 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының меңгерушісі болды.

2009-2011 жылдары - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2016 жылғы 25 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды.

2020 жылғы 28 тамыздан бастап парламент сенатының депутаты, сол жылдың 2 қыркүйегінен бастап сенат төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

"Құрмет" және "Парасат" орденімен, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен наградталған.

Үйленген, екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952840-nurlan-abdirov-ortalyq-sailau-komissiyasynyn-toragasy-lauazymyna-tagaiyndaldy/