Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз. Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт. Өзгенің пікірін құрметтеп, диалог жүргізу арқылы ғана еліміз ілгері жылжиды", - деп жазды президент.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы "Орталық Азия – Қытай" атты мемлекет басшыларының саммитіне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының зор қарқындылығымен, жоғары сенімге және шынайы тату көршілікке негізделуімен ерекшеленетінін атап өтті.

Одан бөлек, президент шетелдік инвесторларды, оның ішінде қытайлық серіктестерін одан әрі жан-жақты қолдауға мүдделі екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952956-toqaev-biz-zana-sayasi-madeniet-qalyptastyryp-zatyrmyz/

pixel