Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенаторлар мемлекеттік бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс деген норманы алып тастауды ұсынды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Сенаторлар мемлекеттік бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс деген норманы алып тастауды ұсынды. Бұл норма бүгін палатаның жалпы отырысында сенаторлар қараған "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңда жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бүгін депутаттар "Қауіпсіздік кеңесі туралы" және "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" заңдарға бұрын ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.

Түзетулерде Елбасының "Қауіпсіздік кеңесінде" және "Қазақстан халқы ассамблеясында" өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделген.

Жоғарғы палата депутаттары мәжілісмендердің бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады. Бірақ, өз түзетулерін ұсына отырып, заң жобасын төменгі палатаға қайта қарауға қайтарған.

"Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің "Қауіпсіздік кеңесін", "Қазақстан халқы ассамблеясын" мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар, заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр.

Ол – "Тұңғыш Президент туралы" заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан да сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспен мәжіліске қайтарып отыр", - дейді сенатор Ләззат Сүлеймен.

Енді бұл түзетуді мәжіліс депутаттары қайта қарайды және қабылданған жағдайда заң жобасы президентке қол қоюға жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953225-senatorlar-memlekettik-bastamalardy-elbasymen-kelisu-qazettiligin-zoyudy-usyndy/

pixel